17.08.2020, 15:19
Оқылды: 41

Швеция және Дания корольдіктерінен сәлемдеме келді

Қайырымдылық - ізгі қасиет. Әлемді шарлаған індет халықты алаңдатып отырғаны айтпаса да түсінікті. Қиын шақта бірлесе қимыл жасап, «көп түкірсе - көл» деген қағидамен тірлік кешкен ауылдастар ісі көпке үлгі. Қарапайым халыққа қолдан келген көмегін көрсеткен жерлестеріміз аз емес. Олар мұқтаж жанұяларды азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етсе, бүгін тағы бір қуанышты жағдай орын алды.

34F5E4C4-B75B-420D-8DE5-2AEE36C6C47D

Нақтырақ айтсақ, Тасқала аудандық ауруханасына сонау Скандинавиядағы Швеция және Дания корольдіктеріндегі Қазақстан Республикасы елшісінің орынбасары Аида Ермекқалиева 1 дана оттегі концентраторын, пульсоксиметр, тонометр, тепловизор секілді қажетті құрылғыларды және медициналық қызметкерлерге арналған жеке қорғаныс костюмдері мен арнайы бетперделерді сәлемдеме ретінде жіберіп, ауылдастарын бір қуантып тастады.

«Туған жерге туың тік» дегендей, Аида Жомартқызының анасы зейнеткер Ағырыс Алқамқызы   «Атамекен» ауылының тумасы. Кезінде облыстық «Жайық», қалалық «Жайық үні» басылымдарында басшылық қызмет атқарған, жалпы баспасөзде өз үні қалған қарымды журналист екенін айта кеткеніміз абзал. Шалғайдағы елге жанашыр пейілін танытқан Аида Жомартқызына анасының туған ауылына деген ақ ниеті, жылы жүрегі, алғаусыз пейілі үшін алғысымыз шексіз.

Тұрсын Тек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале