18.08.2020, 9:24
Оқылды: 43

Кәсіпкерлікпен айналысуға 17 мыңнан астам грант берілді

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмыспен қамту шаралары туралы баяндады.

Grant
«Еліміздегі барлық мемлекеттік бағдарламалар әлеуетін ескере отырып, биыл 1 млн. 220 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған болатын. Бүгінде 743 мың адам осы шараларға тартылды. Оның ішінде Еңбек бағдарламасына 379 мың адам қатысуға ниет білдірді. Оларға кәсіпкерлікпен айналысуға 5 800 жеңілдетілген несие, 17 200 қайтарымсыз грант берілді», - деді министр. Оның сөзіне қарағанда, қысқа мерзімді оқытумен, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға барлығы 34,5 мың адам қатысуда. Қыркүйек айында қосымша ҰБТ-дан өтпей қалған мектеп түлектері жұмысшы мамандықтар бойынша тегін техникалық-кәсіптік оқуға жіберілетін болатын. «Жұмыспен қамту орталықтары ашық вакансияларға берілген жолдамалар бойынша 130 мың адамға жұмыс таба білді. Еңбек бағдарламасының өңірлер бөлінісінде орындалуына тоқталатын болсақ, 14 тамыздағы жағдай бойынша 5 800 шағын несие алған адам қосымша 6151 тұрақты жұмыс орнын ашты. Шағын несиелер жұмыстарында Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы жақсы көрсеткіштерге ие, Батыс Қазақстан облысында белсенділік таныту керек. Берілген 17 мыңнан астам гранттың 51 пайызы аз қамтылған, көпбалалы және жұмыссыздарға бағытталды», - деді Б. Нұрымбетов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале