28.02.2015, 21:41
Оқылды: 34

Екінші бесжылдық ИННОВАЦИЯҒА ОРАЙЛАСТЫРЫЛМАҚ


 Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ел экономикасын әртараптандыруға, қазақстандық үлесті арттыруға және шағын бизнестің дамуына серпін бергені белігілі. Бұл бағдарлама шикізат экспортын арттыруға да ықпал етуде. Өткен жылдың соңында Елбасы жалпыұлттық телекөпір барысында ҮИИД бағдарламасының бірінші кезеңін қорытындылап, екінші бесжылдық инновацияға орайластырылатынын айтқан болатын.


 Бұрын хабарлағанымыздай, Үкімет индустрияландырудың екінші кезеңінде төмендегідей басымдықты салаға жете назар аудармақшы. Оның алғашқысы бағдарламаны жүзеге асыру барысында кешенді тәсілдер қолға алынады. ҮИИД бағдарламасының екінші кезеңі экономиканың теңгерімді құрылымын қалыптастыру және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталады. Екіншіден, Дүние-жүзілік банк және Азия даму банкі сынды халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, басымдық тек салаларды ғана емес, сонымен бірге экспорт барысында тауарлар мен қызметтер номенклатурасын да әртараптандыруға беріледі. Үшіншіден, ІІ бесжылдық үшін банк секторын сауықтыру, жаңа инвестицияларды белсенді тарту және мемлекеттік жеке серіктестік механизмдерін кеңейтуді көздейтін өнеркәсіптік компаниялар мен жеке секторды қаржылай қолдаудың кең ауқымды тетіктері іске қосылады. Бұған қазірдің өзінде заңнамалық база толығы-мен дайын. Сондықтан шетелдік инвесторлармен және халықаралық қаржы ұйымдарымен белсенді түрде жұмыс жүргізілмекші. Индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыруға шағын және орта бизнесті кеңінен тарту жоспарлануда. Ал бұл мақ-саттарға орай шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, іскерлік ахуалды жақсарту тетіктерін түбегейлі жетілдіру жөніндегі шаралар қолға алынған. Мұны төрт деңіз. Бесіншіден, мемлекеттік органдар қызметінің үйлесімділігін қамтамасыз етуге, басымдықты секторларға арналған ресурстарды шоғырландыруға және өндірістерді тиімді орналастыруға көңіл аударылатын болады. Осы мақсатта 2015 жылдан бастап өндірістік қуаттарды тиімді орналастыру сызбасы 2030 жылға дейінгі аумақтарды ұйымдастырудың бас сызбасына кіріктірілмекші. Соңғы басымдық, бұл өңірлік ерекшеліктердің нақты ұштастырылуы. Әрбір өңір үшін өзіндік экономикалық дербестік айқындалады. Бұл жобалардың қайталануына жол бермейді. Сонымен бірге өңірлер арасындағы өндірістік кооперацияны нығайтуға күш салынбақшы.

Өткен бесжылдық ішінде Ақ Жайық өңірі бойынша да пайдалы тәжірибелер жинақталып, кәсіпорындар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Облысымыз қазір бағдарламаның екінші кезеңі аясындағы міндеттер бойынша жұмысты бастауда. Былтырғы шілдеде ҮИИДБ-ның жүзеге асуы бойынша болған республикалық телекөпір кезде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев атап өткеніндей, екінші бесжылдыққа байланысты өңіріміздің өз жоспары бар. Облыста өңдеу өнер-кәсібін, жоғары технология қолданатын салаларды, индустрияландыру аймақтарын, логистиканы дамытуға жете мән берілмекші. Бұл бағытта облысымыздың мүмкіндігі көп.


Сәкен МҰРАТҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале