2.10.2020, 12:48
Оқылды: 55

Шыңғырлауда күзгі өнім көңіл көншітерлік

Шыңғырлау ауданында күзгі жиын-терім аяқтала келді. Егін алқаптарына себілген барлық дәнді дақылдар  4815 гектарды қамтыса, одан 8025 тонна өнім алынды. Өнімділігі әр гектарына 18,99 центнер. Соның ішінде күздік бидайдың көлемі 1750 гектар алқапты алса, одан жиналған өнім 5865 тонна. Арпа 1336 гектар жерден 1119 тонна, ал тары 440  гектар жерден 320 тонна орылып, бастырылып, қамбаға жеткізілді. Сонымен қатар жаздық дақылдардың биылғы жылы  шығымы нашар болса да  1613 тонна астық жиылды.

Visit allwallpapersfree.blogspot.com

Диқандарымыз майлы дақылдарды да молынан жиып, мал азығына қосымша азық қылмақ ойлары бар. Нақтырақ айтқанда, аталмыш дақыл 4620 гектарға егілді, өнімділігі 5,1 центнер, барлық алынған өнімі 2008,20 тонна. Оның ішінде күнбағыс - 800,80 тонна бастырылып, жиылып қамбаға құйылды. Бұл жұмыс агрофирма «Жарас» шаруа қожалығында айтарлықтай атқарылып, нәтижесінде жауын-шашынның жетімсіздігіне де қарамастан бітік шыққан болатын. Олар көктемгі науқан кезінде 364 гектарға егіп, баптады. Міне, енді науқан уақыты келіп, әр гектарына 22 центнерден өнім алынды. 800 тонна күнбағыс бастырылды. Ал мақсары аудан бойынша 4256 гектар танаптан уақтылы жиылып, бүгінгі таңда 207,4 тонна өндірілді.

Бақша дақылдарын айтсақ, картоп 90 гектар алқаптан 890,1 тонна, ал өзге де көкөніс түрлері 45 гектардан жиылып, одан 660,0 тонна өнім алынды. Сонымен бірге бақша дақылдары 80 гектардан 992,0 тонна өнім берген болатын.

Нұрлан Садықов,

аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің сектор жетекшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале