14.10.2020, 16:22
Оқылды: 34

Шыңғырлауда қолөнер туындыларының көрмесі өтті

Шыңғырлау ауданында «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы  аясында  көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі аудандық мәдениет үйінде өткен болатын. Мүмкіндігі шектеулі жандардың бастары қосылып, мереке ерекше  аталып өтілді.

IMG_2066

Бұл күні мүмкіндігі шектеулі болса да өздерінің қоғамның бір мүшесі екендіктерін іспен дәлелдеген өнерлі де, еңбекқор жандар қолөнер туындыларын көрмеге әкеліпті.

Шарада аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Саян Баймұханов, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Тілекші Киреев құттықтау сөз сөйлеп, оларға денсаулық, қажыр-қайрат тілей отырып, қоғамның белсенді мүшесі болуға шақырды. Көрмеге қатысқандар сурет өнеріне бейім жан - Арман Сандыбаевтың, қолөнер бұйымдарының шебері Анар Жұбаниязова, Ақмарал Исмагуловалардың  өнерлеріне тәнті болып, оларға мақтау сөздерін арнап дипломдар мен сыйлықтар табыс етті.

IMG_1793

Бұл күні осындай шара аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде де  ұйымдастырылып, теннистен, дойбыдан, асық ойнаудан жарыс өтті. Үздіктер диплом  және  ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

 А.Арыстанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале