22.10.2020, 16:25
Оқылды: 73

Орал қаласында қосымша шектеу шаралары енгізілді

Орал қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес 22 қазаннан бастап шаһарда қосымша шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.

12F75065-30E3-42E9-BAF9-943DDDCB156B

Орал қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың мәлім еткеніндей, жасы 65-тен асқан адамдардың аса қажет болмаса, көшеге шығуына шектеу қойылды. Сондай-ақ демалыс күндері ауыл шаруашылығы, азық-түлік жәрмеңкелерін өткізуге тыйым салынып, қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады.

Орал қаласы әкімі мен полиция басқармасына Ж.Досмұхамедов көшесі, «Мирлан» базары маңында, Әбілқайыр хан даңғылы, 155, «Жайық» дүкені мен «Аяжан» сауда үйі, Н.Назарбаев даңғылы, «Юбилейная» аялдамасы, Құрманғазы көшесі, «Школьник» сауда үйі мен «Ақжол» сауда үйі, Абай даңғылы, бұрынғы «Сұлтан» базары, Д.Қонаев шағынауданы, «Жеңіс» сауда үйіне қарама-қарсы және Ю.Гагарин көшесі, «Өнім» базары ауданында орналасқан жабайы базарларды жою тапсырылды.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале