4.11.2020, 11:39
Оқылды: 38

Баспана жалдауға өтемақы алатын полиция қызметкерлерінің саны өседі

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тәртіп сақшыларының еңбекақысы келесі жылдан бастап өсетінін айтты.

4917D7DC-06FB-4DC8-8B72-934F4011C68E

«Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерінің жалақысын көбейту туралы тапсырма берді. Келесі жылдан бастап жалақы көтеріледі. Сонымен қатар үйді жалға алу үшін өтемақы берілетін полиция қызметкерлерінің саны өседі. Өйткені полиция қызметкерлері өз ісіне адал, жұмысында тұрақты, қарапайым азаматтарға көмек беруі үшін материалдық жағдайы дұрыс болуы тиіс. Сол кезде олардың нақты жұмыстарын талап етіп, сервистік модельге өту жоспарын жүзеге асыра аламыз», - деді Ерлан Тұрғымбаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру барысы туралы өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіп сақшыларының еңбекақысын 30 пайызға көтеруді тапсырған болатын. Мемлекет басшысы Үкіметке 3 жылдың ішінде тәртіп сақшыларының еңбекақысын 30 пайызға көтеру туралы тапсырма берді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале