ҚР Премьер-Министрі Мемлекеттік туды үйлердің қасбетіне, балкондарға ілуге рұқсат беретін қаулыға қол қойды.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер енгізу туралы« №801 қаулының 4-тармағының бірінші бөлігінде былай деп жазылған:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үй тұрғын үй емес үй-жайларда), оның ішінде балкондар мен салтанатты шаралар өтетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана (орнату орналастыру) алады».
zhaikpress.kz