4.12.2020, 21:47
Оқылды: 18

Мерекедегі марапат

Рухани орталықтың мәжіліс залында Тұңғыш Президент күні мерекесі аясында салтанатты шара өтті. Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Талғат Жанболатов мәдениет және спорт саласы қызметкерлерін мерекемен құттықтап, еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.

1964D897-2041-4097-AEEF-D6654B57CA8F

Одан әрі аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің алғысхатын аудандық мәдени-демалыс орталығының музыка өңдеушісі Саясат Бексариевке, аудандық мәдени-демалыс орталығының музыка жетекшісі Бауыржан Бисенғалиевке, аудандық мәдени-демалыс орталығының хормейстері Рахымжан Төлегеновке, аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Салтанат Серіковаға, аудандық орталық кітапхананың оқырмандарды кітаппен қамту бөлімінің кітапханашысы Нұржанар Меңдешеваға табыс етті.

Сондай-ақ аталмыш алғысхатпен аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастырушысы Аслан Құрметов, аудандық «Jastar» спорт клубының Көпжасар ауылдық округі бойынша спорт әдіскері Бекжан Төлепов, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу ісі меңгерушісі Дәурен Жағыпаров, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің гір спорты жаттықтырушысы Жәнібек Уахитов, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің Ұлттық ат спорты жаттықтырушысы Қолқанат Серіков марапатталды. Құттықтау рәсімі соңында сала мамандары бір-біріне шын жүректен жылы лебіздерін білдірді.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале