Сайқындық кәсіпкер Медет Сикеновты жергілікті ағайын ізгілікті істің басы-қасында жүретін қайырымды азамат ретінде таниды.
Бұл жолы да ол аудандық мешітке өз қаражатынан сегіз жер үстелін тарту етіп, сондай-ақ, әйелдер бөлмесіне қажетті дүниелерді сатып әперді.
Аудандық мешіттің имамы Қуандық Насыров "Құранда Аллаһ Тағала: «Сондай қайыр істегендер, бергеніне міндетсіну, ренжіту араластырмаса, оларға Раббыларының құзырында сыйлық бар. Сондай-ақ оларға қорқыныш жоқ, әрі олар қайғырмайды» делінгенгендігін атап өтті.
Нұрай Таубай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz