8.01.2021, 17:03
Оқылды: 23

Шымкентте батырлардың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды

Соңғы үгіт-насихат күні Шымкент қалалық сайлауалды штабының белсенділері Мәңгілік алау мен Даңқ мемориалына, интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткішке, дәрігерлік қызметтің символы  Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою акциясын өткізді. ҚХП сайлауалды бағдарламасында «Рухани мұра» тақырыбына ерекше орын берілген. Партиялықтар тарихи жад халық үшін, әсіресе өскелең ұрпақ үшін өте маңызды деп санайды.

 шым 1

Осылайша, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ардагерлерге, интернационалист-жауынгерлерге, коронавирустық пандемияға қарсы күресте өз өмірін қиған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале