Орал қаласында 21 қаңтардан бастап карантиндік шектеу шаралары күшейтілді.
Орал қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Роза Хасенованың 19 қаңтардағы қаулысына сәйкес, шаһардағы сауда үйлері мен орталықтар, базарлардың қызметі жексенбі күндері тоқтатылады. Қоғамдық тамақтандыру орындары осыған дейін 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істесе, енді 20.00-де (үстелдер арасындағы қашықтық кемі 2 метрден сақталуы қамтамасыз етіліп, бір үстелге төрт адамнан артық отырмауы керек) жабылуы тиіс. Барлық ойын-сауық нысаны, банкет залы, түнгі клуб, бар, караоке, компьютер, ойын клубтары, қорқор, букмекер кеңселері, бильярд, боулинг және басқа көңіл көтеретін орындар меншік нысанына қарамастан, кезекші топтарды қоспағанда мектепке дейінгі балалар мекемелері жұмыс жасамайды. Мемлекеттік құрылымдар мен квазимемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің кемінде 80 пайызы қашықтан жұмыс істейді. ХҚКО-ның (мамандандырылған ХҚКО) жұмыс кестесі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін болмақ. Басқа да карантиндік шектеулер сақталады.
zhaikpress.kz