22.01.2021, 12:01
Оқылды: 28

Жақсыбайда алты жобаның жүзеге асуы көзделуде

Жәнібек ауданына қарасты Жақсыбай ауылдық округінің әкімі Алмат Қаратаев ауылдастарының алдында есеп берді.

IMG_2210

Кездесуге Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешов және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев қатысты.

Аталған ауылдық округ әкімі Алмат Бақытұлы бір жыл бойына атқарған жұмысы туралы баяндап, биылға арналған жоспарларын атап өтті.

IMG_2216

Оның айтуынша, алты жобаны жүзеге асыру қолға алынуда. Ауылға шаштараз, қоғамдық монша, автокөлік дөңгелегін жөндейтін цех ашу, аз қамтылған отбасылар мен ауылдағы ерікті азаматтардың ұйымдастыруымен 4-5 гектар жерген бақша егу, жалпы аумағы 2500 шаршы метрді қамтитын, жоба құны 25 млн. теңге тұратын мешіт тұрғызу, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай түрлі шаралар ұйымдастыру, ФАП-тың құрылысы, шекара заставасаның бөлімшесін ретке келтіру және ветеринарлық модульдік евроконтейнер орнату көзделген.

Ауыл әкімінің баяндамасынан кейін аудан басшысы Азамат Сафималиұлы өткен жылды қорытындылап, аталған ауылдың ұсынған алты жобасы бойынша жауап беріп, оң пікірін білдірді.

Есептік кездесуде жарыссөзге жазылғандар болған жоқ.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале