4.02.2021, 18:39
Оқылды: 26

Жәнібекте білім беру саласына 519,6 млн. теңге бөлінді

Жәнібек ауданында білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 519,6 млн. теңге көлемінде қаражат жұмсалды.

біл1

Атап айтсақ, 1981 жылы салынғаннан кейін (40 жыл) күрделі жөндеуді көрмеген Жақсыбай ауылында орналасқан М.Ықсанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша кешенінің ғимаратын жөндеуге 270 658 мың теңге бөлініп, толығымен жаңартылды.

біл2

Тау ауылындағы 1992 жылы салынған Ғ.Абдуллин атындағы орта мектептің ғимаратын жөндеуге 147 426 мың теңге қаралған. Қамысты ауылында орналасқан «Балбұлақ» бөбекжайы ғимаратын жөндеуге 44 956,920 мың теңге бөлінді.

біл3

Сондай-ақ А.Оразбаева атындағы негізгі мектеп жанынан жаңа спорт зал салуға 140 429 мың теңге бөлініп, мектеп заманауи спорт залмен қамтылды. Аталмыш мектепте асхана ғимаратына аудан бюджетінен 24 894 мың теңге қаражат қаралып, күрделі жөндеуден өткізілді.

біл5

Аудан орталығындағы №1 мектеп-лицейіне аудан бюджетінен 11 424 мың теңге көзделіп, спорт алаңы салынды. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету де назардан тыс қалмады. Білім беру мекемелеріне 6,4 млн. теңге бөлініп, бейнебақылау камералары орнатылды. Ал 13,8 млн. теңгеге ішкі әжетханалар жасақталды.

 

Г.Төреғалиева,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале