Қоғамның ең таза бөлігі – балалармен жұмыс істейтін ұстаздардың бәрі бақытты. Олармен жүздесіп, білгеніңді үйретіп, жан нұрыңды төгіп, жанарларының қалай жанғанын көріп отыратын құдіретті сәттер басқаның бәрін ұмыттырады. «Мектепке келсем, балаларды көрсем ауруымнан да жазылып кетем» дейтіні сол шығар көп әріптестердің. Балалықтың мәңгілік мекені – мектеп.
Оралдағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» директоры, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Айдарбек Айтбөкешевпен облыстық «Орал өңірі» газетінің қоғамдық редакторы Дариға Ғазезқызы облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 16 сәуір күнгі №30 санында «Мәңгілік тақырыпқа диалог» құрады. Оқыңыз, ойлы оқырман!
zhaikpress