20.04.2021, 13:48
Оқылды: 38

Зауыттың жаңа өнімі

Ақ Жайық өңірінде ірі қара малды ветеринарлық өңдеуге арналған  бекіту қондырғысын (фиксатор-станок) шығару қолға алынды. Бұл қондырғының көмегімен малдың денесін және тұяғын өңдеу, таңба басу, егу, сырға тағу, қан алу, жасанды ұрықтандыру, емдеу шараларын жүргізуге болады.

 зав

Ауыл шаруашылығы саласының кейбір маманы ветеринар мамандығына қыз балаларды оқыту дұрыс емес деп санайды. Ол, әрине, нәзік жандарды бәлсінгеннен емес, олардың физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып айтылған ой-пікір екені сөзсіз. Өйткені малды егу, емдеу жұмыстары барысында оларды ұстап тұруға қара күш қажет. Әрі санасыз малдың мүйізі күтпеген жерден іліп әкетуі, зақымдауы немесе аяғыңызды тапап кетуі кәдік.  Табиғатынан нәзік әйелдерде ондай зор күштің болуы екіталай. Енді «Орал механикалық зауыты» ЖШС-ның өндірістік базасында шығарылатын ірі қара малды ветеринарлық өңдеуге арналған бекі-ту қондырғысы зоотехниктер мен ветеринарлардың ауыр жұмысын жеңілдетуге септігін тигізбек.

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №31 санындағы белгілі журналист Гүлбаршын Әжігерееваның «Зауыттың жаңа өнімі» атты мақаласында!

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале