Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 21 күннен кейін «QazVac» вакцинасының екінші дозасын алды.
"QazVac вакцинасының екіншісін алдым. Бірінші рет салдырғандағыдай, жағдайым жақсы. Жанама әсері байқалмады. Вакцина – пандемиядан шығудың жалғыз тиімді құралы. Дендеріңіз сау болсын! Өзіңізді сақтаңыз!" - деп жазды министр Facebook-парақшасында.
Tengrinews.kz