21.05.2021, 9:55
Оқылды: 36

Мешіт жамағаты газетті қолдады

Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» газетіне 2021 жылдың екінші жартыжылдығына жазылу науқаны жалғасуда.

CC69639D-D1B3-45C8-801F-6F4AAFE06527

Діндар-ақын, алаш қайраткері Ғұмар Қараш «Бізді бір ниет, бір тілекке жиятұғын зат – газет, сол себепті газет – біздің басшымыз, газет – біздің достар алдында көркіміз. Дұшпандарға қарсы құралымыз, газет – біздің білмегенімізді көрсететін ұстазымыз, газет – біздің қараңғыда жарық беріп, тура жолға салатын шамшырағымыз» деп «Қазақстан» газетінің алғашқы санында жазған болатын. Ғұмар атамыздың айтқан сөзі әлі маңызын жойған жоқ. Аудан тұрғындары жаппай төл газетімізге жазылып, қолдау көрсетуде. Жанашыр жандар да газет оқырмандары үшін демеушілік танытып, өз қаржысына жерлестерін аудан айнасына жаздырып, игілікті іс қылуда. Солардың бірі – аудандық мешіттің бас имамы Жомарт Лұқпанов бастаған мешіт жамағаты. Олар қашан да баспасөзді қолдап отырады. Міне, қазір де жазылым барысында аз қамтылған, көпбалалы 20 отбасыны 6 айға жергілікті «Жаңарған өңір» газетіне тегін жаздырды. Жаңалықтың жаршысы ауданымыздың төл басылымына жаздырып беру мұнымен тоқтап қалмайды деп үміттенеміз. Еліне болсын дейтін қолы ашық, ізгі ниетті жандар әлі де көп деген сенімдеміз. Редакция атынан аудандық мешіт ұжымына шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале