31.05.2021, 9:53
Оқылды: 80

Оралда балаларды қорғау күні ерекше сипатта өтпек

Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігі 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бірқатар мерекелік ойын-сауық бағдарламасын дайындап отыр.

 11

Атап айтар болсақ, Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің ұйымдастыруымен 1 маусым күні сағат 11.00-де қалалық мәдениет және демалыс саябағында “Бақытты балалық шақ” мерекелік ойын-сауық бағдарламасы өтеді.

Бағдарламада аула клубтары мен комьюнити орталықтарының тәрбиеленушілерімен концерт өтіп, эфстафеталық ойын және тасжолда сурет салу ұйымдастырылады.

Шара аясында 2020-2021 жылдар аралығындағы спартакиада қорытындысы жария етілмек.

Сонымен қатар аула клубтары мен комьюнити орталықтарынан түрлі үйірмелереге қатысқан мектеп түлектеріне бірлестік атынан алғыс хаттар табыс етіледі.

Ал бүл күні сағат 15.00-де Жастар мәдениет үйінде облыстық “Менің бала қиялым” атты балалар анимациялық фильмдер байқауы қорытындыланады.

Байқауға жіберілген барлық жұмыстарды сараптамалық әділ қазылар алқасы мен анимациялық режиссерлер, аниматор-суретшілер, операторлар, режиссерлер, қоғам қайраткерлері арнайы аталымдар бойынша бағалаған болатын. Қорытындысы бойынша бас жүлде, «Үздік режиссер», «Үздік сценарий», «Үздік оператор», «Үздік қоюшы-суретші», «Үздік аниматор», «Үздік бейнесюжет» аталымдарына қоса қазылар алқасының арнайы сыйлығы белгіленеді.

Балалар мерекесі күні өтетін маңызды іс-шараның бірі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Орал қаласының әкімдігінің қолдауымен биыл ғана жөндеуден өткен Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Мәдени-ағарту бірлестігіне» қарасты «Атамекен» комьюнити орталығының ашылу салтанатының өтуі.

Тарихы сонау 1974 жылдан бастау алатын “Ровесник” клубы бүгінде “Атамекен” балалар аула клубы болып аталып, қойнауынан көптеген шәкірттердің жүрегіне нұр құйып, түлетіп ұшырды. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, мәдени-көпшілік шаралардың ұйтқысы бола білген “Атамекен” клубы бүгінгі таңда балалардың қызығушылығына арналған түрлі үйірмелері бар өнер ордасына айналды.

Ашылу салтанатына Орал қаласының әкімі А.Шыныбеков қатысады деп жоспарланған.

Бағдарламада «Отаным – Қазақстан» әнін «Атамекен» комьюнити орталығының «Ән кемер» ән үйірмесінің жеткіншектері орындайды.

Шара шеңберінде үш жүзге ән оздырған әнші Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығы аясында Мұхит класының ашылуы да өтеді жоспарланып отыр.

- Жазғы маусымда балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда «Балауса бағым – шаттық пен қуаныш ордасы» тақырыбымен балалардың жазғы алаңқайы ашылады.

Бағдарламада мерекелік ойын-сауықтық бағдарлама жас ұрпаққа мерекелік көңіл-күй сыйлап, түрлі эстафеталық, көңілді ойындар ойнатылады. Өнерлі балалармен шағын концерт ұйымдастырылады.

Сонымен қатар «Алтын Орда» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театрының  «Аладиннің сиқырлы шамы» ертегісінің премьерасы өтеді.

2020 жылдың 28  ақпанында «Мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК  жанынан Алтын Орданың 750 жылдығына орай «Алтын Орда» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театры құрылғаны белгілі.

Бүгінде «Алтын Орда» балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық театры өз жұмысын атқаруда. Осыған орай «Алтын Орда» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театрының 2021 жылдық жаңа маусымының ашылу салтанаты наурыз мерекесін қарсаңында өтіп, Ағила Сауранның «Кім Патша болғысы келеді?» ертегісінің желісі бойынша ашылған болатын.

«Аладиннің сиқырлы шамы» ертегісін аударған – Дулат Исабеков.

Қоюшы режиссері – ҚР Президентінің «Құрмет грамотасы» және ҚР салалық мәдениет, спорт қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісі иегері, актёр, режиссер Самал Әбуов.

Көркемдік жетекшісі – «Қазақстан таланттары» дамыту шығармашылық орталығының «Мәдениет майталманы» төсбелгісі және «Атадан –мұра» қоғамдық қорының «Үздік жетекші» төсбелгісінің иегері Әсем Төлепберген.

Премьераға отбасы үлгісіндегі облыстық балалар ауылынан 20 тәрбиеленуші тамашалауға шақырылып отыр, - дейді Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің директоры Серік Әнуарұлы.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

                                                           

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале