Бәйтерек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің орталық балалар кітапханасы Жас туристер станциясы жанынан ашылған «Достық» жазғы сауықтыру лагерінің демалушыларына тамаша шара ұйымдастырды.
Аудан орталығының «Жеңіс» саябағында өткен «Сырлы күймен тербеген кең даланы» атты тағылымды басқосу қазақ өнерінде өшпес із қалдырған дарынды сазгер, әнші Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығына арналды.
Кітапханашылар балаларға ұлы өнер иесінің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріп, «Қыпшақ», «Дүние-ай» әндері мен «Боғда», «Тазбала» сияқты күйлері жайында айтып өтті.
Сондай-ақ «Есбай» күйінің жазбасы лагерь демалушыларының назарына ұсынылды.
Өз ән мектебін қалыптастырған өнер иесінің мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек.
Арал Болпышұлы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz