Бүгін елордасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармониясымен» Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Ортақ ниетке тоғысқан қос өнер ұжымы мәдениет және өнер саласындағы рухани даму және ынтымақтастық мақсатын көздейді. Аталған құжат аясында тараптар мәдени маңызды іс-шараларды дайындау және іске асыру кезінде өзара көмек көрсетуге, орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар өзара тәжірибе алмасуға, сондай-ақ музыкалық алаңды ұсыну бойынша бір-біріне қолдау көрсетуге ниетті.
Айта кетейік, БҚО камералық оркестрінің директоры Салтанат Абулгазиева алдағы уақытта тағы бірнеше өнер ұжымымен ынтымақтастық орнататындарын жеткізді.
Биыл құрылғанына 10 жыл болған оркестр мерейлі датаға орай өзара серіктестік қарым-қатынас орнатқан қалалар мен елді мекендер сахнасында өнер көрсетпек.
zhaikpress.kz