3.07.2021, 17:47
Оқылды: 40

Кәсіподақ еңбек адамының сенімін ақтап келеді

«Еңбек қатынастарында орын алатын өзгерістерге тез бейімделу қиын. Еңбек саласындағы қандай мәселе болмасын қызметкерлер үшін шешімге дейін де, шешімнен кейін де кәсіподақ тарапынан заңнамалық-құқықтық қолдаулар мен кеңестер қажет-ақ», - дейді Орал қалалық А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы қызметкерлерінің бастауыш кәсподақ ұйымының төрайымы Эльмара Траисова.

872EE3D4-BD7E-4160-B1CD-1D7CCE4E2825

Бастауыш кәсіподақ ұйымы 2016 жылдың қараша айынан бастап облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құрамына еніп, белсенді жұмыстар атқарып келеді. Қазіргі таңда құрамында 145 кәсіподақ мүшесі бар. Кәсіподақ ұйымы жұмыс жоспарында үш негізгі бағытқа ерекше мән береді:

- қызметкердің құқықтық қорғау;

- қызметкердің денсаулық сапасын жақсарту;

- маман талабын ынталандыру, қолдау.

Ағымдағы жылы еңбек ұжымында жалақы өзгерісіне байланысты дұрыс есептелмеген еңбекақылары үшін мұғалімдер бастауыш кәсіподақ ұйымының көмегіне жүгінген еді. Нәтижесінде маман мүддесі қорғалып, тиесілі қаражаттары қайтарылды. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы өз сөзінде:

- Мектеп кәсіподағының негізгі міндеттері – ұжым қызметкерлерінің ынтымақтастығын нығайту, өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Мектеп кәсіподақ ұйымы әр қызметкердің құқықтарының сақталуына, олардың еңбектерінің өз деңгейінде бағалануына, мәдени – демалыс шараларының ұйымдастырылуына, қызметкерлердің денсаулығын сақтау және сауықтыру жұмыстарына баса назар аударады, - дейді ол.

8DEC3CA9-6A36-4896-B481-19956F228FB6

Эльмара Асқарқызы жетекшілігімен бастауыш кәсіподақ ұйымы түрлі ота жасау немесе денсаулығын қалпына келтіру (реабилитация) бағытындағы шараларға үнемі қаржылай колдау береді. Кәсіподақ тарапынан сондай қолдаулардың бірі ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласында ем алған кәсіподақ мүшелеріне көрсетілген. Қазіргі таңда А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы қызметкерлерінің бастауыш кәсіподағының қолдауымен ұжымның 15 мұғалімі Ақтау қаласында керемет демалыс күндерін өткізуде. Қызметкерлер жан-жақты қолдау көрсетіп, сапалы шараларға бастама болып жүретін бастауыш кәсіподақ ұйымына алғыстарын жеткізді.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале