Қазақ халқы қашаннан қадір тұтып, қастерлеген Домбыра күні Елбасымыздың жарлығы бойынша шілденің алғашқы жексенбісінде тойланады. Қазақтың ұлттық домбырасы қазіргі таңда күллі әлемге танылған ұлттық брендке айналып отыр. Кезінде Франция төрінде домбырамен ән шырқаған Әміреден бастап, барша әлем көзінде домбырада күй шерткен Димаш та ұлттық аспабымыздың мәртебесін көтеріп қана қоймай, күллі әлемге паш етті. Ұлттық аспап пен музыка өнерін биік қойып, ерекше бағалайтындардың бірі - шыңғырлаулық, аудандық саз мектебінің оқытушысы Азамат Қалиев.
Жерлесіміз талай байқаулардан жүлделі орындар алып, аудан атағын көкке көтеріп жүр. Домбырашы мейрам қарсаңында аудан қоржынына тағы бір жүлде салып отыр.
ҚР Тәуелсізідігінің 30 жылдығына және Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған республикалық байқауда Азамат Қалиев бас жүлде иегері атанды. Күйші-композитор Сейтек Оразалыұлының 160 жылдығына арналған «Күй құдіреті» атты республикалық байқауға қатысып, бас жүлдені қанжығасына байлаған Азамат Қалиев аудандық саз мектебінде балаларға домбырада ойнауда тәлім беріп қана қоймай, балаларға ұлттық аспаптың қыр-сырларын үйретеді.
Айбарша Аймырзақызы,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz