13.07.2021, 14:38
Оқылды: 13

Жаз жайнатып, күн күлдіріп...

Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Тәрбие жұмысы орталығы» мемлекеттiк коммуналдық казыналық кәсiпорны жанындағы Январцев жалпы орта білім беретін мектеп-интернатында аудандық-стационарлық лагерьлері жұмысын бесінші маусым күні бастады. Елде қалыптасқан жағдайға байланысты демалыс орны тек 30 пайызға толықтырылды.

3B7CF495-BE27-417D-9B7E-7B72C9AD00B8

Қазақстан Республикасы Бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17 қаулысына сәйкес лагерь қызметі барлық шектеу шаралары мен карантин талаптарының қатаң сақталуымен жүзеге асырылуда. Ондағы демалушылар мен ұстаздарға жұмыс басталғанға дейінгі 72 сағат ішінде арнайы зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі немесе СОVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттар берілді.

3EBBEF21-0D5D-4F81-AA70-8C5B4EFC07B8

«Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» ұранымен ашылған жазғы демалыс лагері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында арнайы жасақталған тұжырымдамамен жұмыстануда. Оқу жылы аяқталар шақта аталмыш лагерьлерде демалатын оқушылардан тізім жасақталып, мектептерге жолданды. Ол тізім бойынша әр кезеңде демалатын оқушылар белгіленді. Олар жаппай оқу қорынан қамтылды.  

E2947EAD-D214-4B86-A91B-F317009F965A

Жадыраған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Балалардың жазғы тынығу лагерьлері әртүрлі болғанмен, олардың мақсаты мен міндеті бірдей. Ол – балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту және тәрбиелеу.

Лагерьде балалардың демалу жағдайларын жасауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. «Жас Ұлан» лагерінде демалушыларға арналған арнайы ойындар, түрлі жарыстар, тақырыптық іс-шаралар өткізіледі.

96B024E9-0A97-46AA-8B28-FA21CE11BE9D

Тәрбиешілер әр күнге белгіленген мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балалардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерін, өнерлерін жұмсауда. Ал бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетуге тырысады. Бір сөзбен айтқанда, әр баланың демалуына барлық жағдайлар жасалған. Демалушылар музыкалық, спорттық, шығармашылық және интеллектуалдық сайыстарға да белсене қатысады. Осылайша лагерьдің әр күні мәнді де сәнді өтіп жатады.

У. Сартаева

«Жас Ұлан» лагерінің меңгерушісі

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале