15.07.2021, 10:17
Оқылды: 26

Сайлау кезінде сақтық шаралары сақтала ма?

Енді он күннен соң ел азаматтары ауыл әкімдерін тікелей сайлайтын болады. Бұрын болмаған саяси науқан көпшіліктің қызығушылығын туғызып отырғаны рас. Елдің мұңын білетін, ауылдың мұқтажын түсінетін ауылнайларын өзі таңдайтын халық та бұл күнді асыға күтіп жүргені жасырын емес.

83A0B1BD-5AA4-46DA-97FE-90764BCBE9C1

Десе де күн сайын көбейіп, өршіген жаман індет сайлау болған ауылдарға кері әсерін тигізбей ме? Сайлау комиссиясының мүшелері мен сайлаушылардың қауіпсіздігі қалай сақталмақ? Соны білмек болып Бәйтерек аудандық аумақтық комиссиясына жолықтық.

-Барлық сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар қатаң сақталады. Комиссия мүшелері мен бақылаушылар әлеуметтік арақашықтықты сақтап отырғызылады. Ал кіре беріске санитайзерлер мен дене қызуын өлшейтін құрылғылар қойылады. Сондай-ақ артық маскалар  алынды, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бекет Нигметов.

Бекет Мубаналиұлының айтуынша, сайлау болатын орында арнайы дәрігер кезекшілік етеді екен. Ол тұрғындардың дене қызуын өлшеп тұрады. Ауру белгілері бар адам келген жағдайда оны медқызметкер арнайы бөлмеге оқшаулап, денсаулығын тексереді. Сондай-ақ ондай азаматтарға бөлек дауыс беруге де жағдай жасалады екен.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале