18.08.2021, 17:50
Оқылды: 46

Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

18 тамыз күні Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы жанындағы Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді.

55

Кеңестің кеңейтілген бас қосуына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасарлары Гүлнара Жұмагелдиева, Нұрлан Өтешов қатысып, кеңес мүшелеріне сұрақтарын қойып, күн тәртібінде көтерілген мәселелерге ортақ талқылаулар жасады.

Облыстық Кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова өз сөзінде кәсіподақтың мүшелік құрамындағы өзгерістерге тоқталып, жаңадан бой көтерген бастауыш кәсіподақ ұйымдары туралы айтып өтті. Сондай-ақ әлеуметтік әріптестік шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

«Биылғы бірінші жартыжылдықта кәсіподаққа келіп түскен өтініштердің көбі келісім комиссияларының жұмысы туралы, ұжымдық шарттардағы өзгерістер және зиянды еңбек жағдайлары үшін төлем жөнінде болды. Жыл басынан бері білім және ғылым, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет, мәдениет және спорт саласы бойынша 33 еңбек ұжымымен кездесу өткізіліп, еңбек қатынастары мәселелеріне мониторинг жасалды. Нәтижесінде 800-ден астам кәсіподақ мүшесін біріктірген 9 жаңа бастауыш ұйым өз жұмысын бастады», - деді Айгүл Оразқызы.

Кездесу барысында Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Даупаев, «SENIM» Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері кәсіподағының БҚО филиалының төрағасы Махамбет Құсайынов және «Батыс Су арнасы» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрайымы Азиля Иликпаева өз салаларындағы кәсіподақ жұмыстарының нәтижелері жөнінде айтып, еңбек қатынастарындағы мәселелерге тоқталды.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале