16.09.2021, 10:10
Оқылды: 43

Нұржастың «қанжығасында» – 27 гол

Кешегі аптада Орал қаласында шағын футболдан «Батыс Сырым» лигасының VII және  VIII турларының ойындары өтті.

 IMG-20210915-WA0001 (1)

Алғашқы ойын күні «Көздіғараның» жеңісімен басталды. Олар «Өлеңті  Zhas» командасын ірі есеп айырмасымен ұтты. Таблодағы есеп 9:0. «Көздіғара» турнирдің фавориті «Жетікөлге» де лайықты қарсылас бола білді. Ойын 7: 5 есебімен, «Жетікөлдің» пайдасына аяқталды.

VI турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде төртінші орынға көтерілген «Талдыбұлақ» үшін кешегі апта аса сәтті болмады. Көктөбе алқабынан келген команда «Абай» командасына 1:9 есебімен есе жіберді.

IMG-20210916-WA0000 (1)

VIII турдың ойын күнінің соңында «Құспанкөл» мен «Абай» кездесті. Екеуі турнир кестесінде бірін – бірі өкшелеп келеді. Сондықтан, қос мықтының ойындары да тартысты болды. Кездесу 5:5 есебімен, тең аяқталды.

Лиганың сұрмергендерінің көшін «Жетікөлдік» Нұржас Төлепов бастап тұр. Оның «қанжығасында» 27 гол бар. Соңғы ойында Нұржан қарсылас команданың қақпасына 3 мәрте доп тоғытты.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале