6.10.2021, 17:07
Оқылды: 40

Қазақстанда браконьерлік үшін жаза қалай күшейтілді?

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев киіктерді қорғау үшін қандай заңнамалық өзгерістер болғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

83BEF05F-9E24-43EF-B1C7-B062C3C68FBF

«Тұрақты қорғаудың арқасында 2021 жылдың қорытындысы бойынша киік саны 842 мыңға жетті. Жануарлардың сирек кездесетін жойылып бара жатқан түрлерін, оның ішінде киіктерді қорғау жалпы ауданы 123 млн га болатын 12 облыс аумағында жүргізіледі. Онда 430 инспектор және 152 автокөлік құралы жұмылдырылған. 2019 жылы қайғылы оқиғаларға байланысты біздің үш инспекторымыз қаза тапты, Мемлекет басшысы браконьерлікпен күрес бойынша түбегейлі және кезек күттірмейтін шаралар қабылдауды тапырды», - деді Д.Тұрғамбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикер 2020 жылдың қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданғанын еске салды. Санкцияларды қатаңдату бөлігінде 335 және 337-баптарға түзетулер күшіне енді, яғни қылмыстық теріс қылықтар қылмысқа ауыстырылды және 337-бапқа 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру санкциясы енгізілді. «339-бапқа киікті, оның бөліктерін немесе дериваттарын, оның ішінде киік мүйіздерін заңсыз алуды, сатып алуды, сақтауды, өткізуді, әкелуді, әкетуді, жөнелтуді, тасымалдауды немесе жоюды көздейтін 1-1-бөлік енгізілді, ол үшін санкция 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеуді не айыруды көздейді, мүлкі тәркіленеді. 380-1-бапта жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қорықшының өміріне қолсұғушылық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Сондай-ақ, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі және қорықшыға қатысты күш қолданғаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын қылмыстық жауапты көздейтін жаңа 380-2-бап енгізілді», - деді Данияр Тұрғамбаев.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале