5.11.2021, 18:08
Оқылды: 39

Жәнібекте «Тәуелсіздікке тарту» фестивалі жалғасын табуда

Бүгін Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінің көркемөнерпаздары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздікке тарту» атты ауылдық округтер мен аудан орталығындағы мекемелер арасындағы фестиваль аясында  аудандық мәдениет үйінде концерттік бағдарлама ұсынды.

5F654169-E1B8-4A5C-B465-14E868BACA34

Тұғырлы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған кештің шымылдығы Жасұлан Пайдиннің әнімен ашылды. Сахна саңлақтары «Тәуелсіз қазақ қызымын», «Қазақтың ұлымын», «Қазақстан»,  «Қазағым», «Тәуелсіз елім»,  «Жәнібегім» әндерін тамылжыта шырқап, би билеп көрерменнің көңілін көтерді.

– Біз өте қуаныштымыз. Шабыттанып, шаттанып жүрміз. Өйткені, еліміз аман, жұртымыз тыныш. 30 жылдың ішінде Қазақстан қай салада болмасын жетістіктерге жетуде. Біз әншілер, әртістер халық алдына қашанда шығып, жырлауға, шырқауға дайынбыз, - дейді Талов ауылдық мәдениет үйінің директоры Ж.Пайдин.

Ә.Әбділда,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале