10.11.2021, 17:51
Оқылды: 44

Актер Төлепберген Байсақалов үздік рөлі үшін алғашқы марапатын алды

Белгілі қазақстандық актер Төлепберген Байсақалов Сочи кинофестивалінде үздік ер адам рөлі үшін марапатқа ие болды.

18CF66A1-131C-4CEA-BE7B-85295213328E

Ол бұл марапатын 2021 жылғы Х Russian British Sochi International Film Festival & Awards мерейтойлық фестивалінде "От" фильмінде сомдаған рөлі үшін алды. Бұл - Байсақаловтың карьерасындағы алғашқы үлкен марапат.

Сонымен қатар, "От" фильмі Лос-Анджелестегі Asian World Film Festival негізгі бағдарламасында, 32-Сингапур кинофестивалінде ұсынылды.

Фильмде қарапайым адамның оқиғасы баяндалады. Толик (Төлепберген Байсақалов) - мегаполисте өмір сүріп, отбасын асырауға тырысып жүрген үлкен отбасының отағасы. Ол курьер болып жұмыс істейді, отбасын аз жалақыға асырай алмай, басқалар сияқты несие алып, қарызға өмір сүруге мәжбүр. Бірақ қызына үлкен үміт артады. Бір күні жұмыстан оралып, күтпеген жерден Сәуленің жүкті екенін біледі. Бұл жаңалық қызының болашағына арналған жоспарларына әсер етеді. Кейіпкер жағдайды шешуге тырысып, басынан түрлі оқиғаларды өткереді.

"От" фильмінің әлемдік премьерасы Пусандағы (Оңтүстік Корея) халықаралық кинофестивальде өтті. Комедия элементтері кездесетін әлеуметтік драманың режиссері - белгілі режиссер Қанымбек Қасымбековтің қызы Айжан Қасымбек. Бұл - оның алғашқы толық метражды жұмысы. Бұған дейін Айжан қысқа фильмдер түсірді. "От" жобасы ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығынан қаржыландыру грантын жеңіп алды.

Дереккөз: tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале