15.11.2021, 11:00
Оқылды: 43

Иранда 6,4 балдық жер сілкінісі болды

Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясындағы Фин қаласында 6,4 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Тегеран университетінің Геофизика институтының сейсмологиялық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат IRNA агенттігіне сілтеме жасап.

211115081414025e

Жер асты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша 15:36-да тіркелді, ошағы 15 шақырым тереңде болған. Жер сілкінісінің эпицентрі Фин қаласынан 25 шақырым жерде Бендер-Аббас қаласынан солтүстік-батысқа қарай 43 шақырым жерде орналасқан.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, 17 адам жарақат алған. Жер сілкінісі салдарынан көптеген үйлер қираған, жергілікті тұрғындар баспанасын тастап кеткен. Өңірде электр желілері үзілген. Иран президенті Ибрахим Раиси елдің вице-президенті Мұхаммед Мухбирге жер сілкінісі аймағына баруды тапсырды. Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясында 6,4 және 6,3 балдық екі жер сілкінісі болды. Екінші жер сілкінісі Кешм қаласының Лафт ауданында біріншісінен соң бір минуттан кейін жергілікті уақыт бойынша 15:37-де тіркелді.

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале