Денсаулық сақтау министрлігі елімізде қанша адамның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
6 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін - 8 795 168 адам, екінші компонентін - 8 203 255 адам алды.
Жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін аналар арасында
6 желтоқсанда «Pfizer» вакцинасының️ I дозасын - 137 854 адам, ІІ дозасын - 1 229 адам салдырды.
І компонент:
Жасөспірімдер – 110 337
Жүкті әйелдер – 8 097
Бала емізетін әйелдер – 19 420.
ІІ компонент:
Жасөспірімдер – 881
Жүкті әйелдер – 102
Бала емізетін әйелдер – 246.