11.01.2022, 12:20
Оқылды: 32

Қоғамымыздың біртұтастығы жүйелі түрде шайқалып келген – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында елдегі тәртіпсіздіктердің жүйелі түрде ұйымдастырылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

23

«Біздің қоғамның біртұтастығы жүйелі түрде шайқалып келген, оның ішінде наразылықтар мен кәсіби түрде әзірленген сценарийлер қолданылған. Радикалды шаралардың нақты орындаушыларын дайындау жасырын түрде жүргізілген. Ұлттық қаупісіздік комитеті уәкілетті орган ретінде осы қирату жұмыстарына нақты баға бере алмады және бергісі де келмеді. Ұлттық қауіпсіздікке төнген аса үлкен қауіпті көрмеді. Шабуыл ұйымдастырушыларына тек себеп іздеу ғана қалды, ал ол себеп бәрібір табылар еді», - деді Қ. Тоқаев.

Президенттің айтуынша, осы аралықта халықтың автогаз бағасының қымбаттауына наразылығы құрал ретінде қолданылған.

Сондай-ақ, екі күннен кейін ҰҚШҰ-ның бірлескен бітімгер контингенті елден шығарылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале