12.01.2022, 17:10
Оқылды: 64

Кәсіподақтар Мемлекет басшысының бастамаларын қолдайды

Биылғы жылдың қаралы қаңтарындағы оқиғалар әркімге де ой салды. Өткен күндерден сабақ алып, келер күнге айқын мақсаттар қойылып, оң өзгерістерге сенімді аяқ бастық. Оның жарқын дәлелі - 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кеңейтілген отырысында жасаған Мемлекет басшысының мәлімдемелері.

фото Есекенова А.У.

Дамыған, әлеуеті жоғары, экономикалық ахуалы тұрақты мемлекетті жұмысшы топ құрайды. Оларға лайықты еңбек шарттарын жасап, жұмыс орындарының тұрақты сақталуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына әсер ету арқылы мемлекет жаңа даму сатысына көтеріледі. Кәсіподақ ұйымдарының да басты талап-тілегі осы – еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру арқылы жұмысшы топтардың маңыздылығын айқындау.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жиында аталған мәселелерді негізді атап өтті. Әлеуметтік тұрақсыздық туғызбау мақсатында және елдің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу үшін жаңа құрамдағы Үкіметке анық міндеттер қойды.

Кәсіподақтар 7 қаңтарда елдегі оқиғаларға сәйкес мемлекет басшысына еңбек және кәсіподақ заңдылықтарын кемелдендіру үшін еңбекшілердің құқығын қорғаушы ұйым ретінде Үндеу жолдады. Осы орайда, Президент атап өткен мәселелердің оңтайлы нәтиже беріп, тәуелсіздігіміздің ғұмырлы болуына бірлесе жұмыстануға шақырамыз!

#kasipodaq #КүшімізБірлікте #СилавЕдинстве #елбірлігіүшін

Айгүл Есекенова,

«Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығы» АКБ төрайымы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале