14.01.2022, 12:29
Оқылды: 52

КВИ әлі де бар

Өңір "қызыл аймаққа" енді. КВИ жұқтыру қаупі де артты. Біраз уақыт жасыл аймақта болып, қауіпсіздік шараларын ұмытқан секілдіміз. Қазіргі таңда Бәйтерек ауданында 36 адам індет жұқтырған. Әсіресе Дариян жағында ауру өршіп тұрғандай.

5A7E2363-F817-4E62-9F97-493CB54A13C6

Өйткені барлық жұқтырғандардың 30-ы сол аумақтан шығып отыр. Бізге мәлімет берген аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Аят Үмбетәлиевтің айтуынша, індетке шалдыққандардың 29-ы симптомды екен.

-Бүгінде жеті тұрғын ауруханаға жатқызылса, 28 адам үй карантинінде. жерлестерімді сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Өйткені ауру беті қайтар емес. ОРдан бөлек ревакцинация жүріп жатқанын да ескерткім келеді, – дейді аудандық анитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы АятҮмбетәлиев.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале