18.01.2022, 16:45
Оқылды: 49

Сауда үстемесіне қатысты күшейтілген бақылау жүргізіледі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті мәндер мен шекті рұқсат етілген бағаларды енгізу әдістемесі бекітілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

57E14E5B-9675-4F33-851A-484AF1BE97AB

«Бүгінгі таңда Сауда және интеграция министрлігі Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті мәндер мен шекті рұқсат етілген бағаларды енгізу әдістемесін бекітті. Жаңа әдістеме инфляцияның белгіленген дәлізінде сөрелердегі баға өсімін шектеуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанына шекті мәндер бекітілген», - деп түсіндірді Б.Сұлтанов.

Оның айтуынша, әкімдіктер тарапынан сауда үстемесінің мөлшері тиісті деңгейде болуына және сауда желілерінің сыйақы алмауына күшейтілген мониторинг пен бақылау жүргізілетін болады. Осы жұмысқа тұтынушылар қатысатын болады. Үстеме бағаны көтеретін сауда желілері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Тұтастай алғанда, мемлекеттік органдардың жұмысы Жедел іс-қимылдар жоспарында көзделген барлық шараларды сапалы орындай отырып, жоғары инфляция проблемаларын шешуге бағытталатын болады», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысының инфляция деңгейін тежеу және мемлекеттік реттеу шараларын күшейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру үшін салалық мемлекеттік органдар бірқатар шараларды әзірледі. Ведомствоаралық іс-қимыл Үкімет деңгейінде үйлестірілетін болады. Сонымен қатар көп жағдайда тауарлардың бағасын бөлшек сауда субъектілері көтереді, атап айтқанда «үйдің жанындағы дүкендер». Осы дүкендер көбіне 15 %-дық сауда үстемесін сақтамайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале