21.02.2022, 15:10
Оқылды: 46

Қаңтар оқиғасына қатысты 12 мыңнан астам адамнан жауап алынған

Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

h6DBszmsz9KxdulHbyyZEyEoatdYTVhx9fxS0BJf

 Қылмыстық істер бойынша 1,5 мыңнан аса жеке және заңды тұлғалар жәбірленуші деп танылған, 12 мыңнан астам адамнан жауап алынған, 2 мыңнан астам әртүрлі сот сараптамалары тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеудің сапасына және оның жадел аяқталуына ерекше назарға алынған, - деді ол.

Әділов атап өткендей, Ішкі істер органдары тергеушілерімен қаңтар оқиғалары бойынша 107 күдіктіге қатысты қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталған.

Бұл істердің де негізгі бөлігін ұрлықтар - 65, қаруды заңсыз сақтау фактілері – 11, оларды ұрлау – 7 және өзгелер құрайды. Сотқа 86 айыпталушы берілді (Алматы қ. – 48, Алматы обл. – 5, Ақмола және Түркістан облстары – 1), - деді Әділов.

baq.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале