2.03.2022, 10:00
Оқылды: 35

АҚШ ресейлік әуе компанияларына әуе кеңістігін жабады - Байден

АҚШ үкіметі Украина төңірегіндегі оқиғаларға байланысты ресейлік әуе компанияларына әуе кеңістігін жабу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы президент Джо Байден "елдің жағдайы туралы" конгреске жолдаған үндеуінде мәлімдеді (State of the Union), ол үндеу Америка басшысының Twitter-дегі парақшасында жүргізілді.

photo_95317

"Бүгін мен одақтастарымызға Ресейдің барлық рейстеріне америкалық әуе кеңістігін жауып, Ресейді одан ары оқшаулап, олардың экономикасына қосымша қысым жасайтынымызды жариялаймын", - деді Байден.

 Бұған қоса, Байден АҚШ әскері Украинадағы ресейлік тараппен қақтығысқа қатыспайтынын айтты.
"Ашық айтайын: біздің әскер Украинадағы ресейлік күштермен қақтығысқа қатысқан жоқ және қатыспайды да", - деді Ақ үй басшысы.

Ол америкалық әскер Еуропаға Украинада соғысу үшін емес, Путин батысқа жылжуды жалғастыра беретін болса, НАТО-дағы одақтастарын қорғау үшін орналастырылғанын айтты.

"НАТО елдерін, соның ішінде Польша, Румыния, Латвия, Литва және Эстонияны қорғау үшін америкалық құрлық күштерін, әуе эскадрильяларын, әскери-теңіз күштерін жұмылдырдық", - деп қосты Америка президенті.

Ол АҚШ Әділет министрлігі ресейлік олигархтардың қылмыстарын тергеу үшін арнайы жұмыс тобын құрып жатқанын баса айтты.

"Біз еуропалық одақтастарымызға олардың яхталарын, сәнді пәтерлерін, жеке ұшақтарын тауып, тәркілеу үшін көмектесеміз", - деді Байден.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале