3.03.2022, 18:00
Оқылды: 35

Франция "Роснефть" басшысы Сечиннің яхтасын тәркіледі

Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэр "Роснефть" басшысы Игорь Сечинге тиесілі яхта тәркіленгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_95458

"Ресейлік олигархқа тиесілі яхта тәркіленді. Еуроодақтың Ресей билігіне жақын тұлғаларға қатысты санкцияларын сақтайтын француз кеденшілеріне рақмет", - деп жазды Брюно Ле Мэр Twitter-парақшасында.

Игорь Сечин 28 ақпанда Еуроодақ жариялаған санкциялар тізіміне енген.

 Бұған дейін Гамбург билігі ресейлік миллиардер Алишер Усмановтың яхтасын тәркілегені хабарланған болатын.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале