14.03.2022, 10:30
Оқылды: 51

"Сары" және "жасыл" аймақтарда шектеулер алынып тасталды

11 наурыз күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

IMG-20220313-WA0018

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешім қабылдады:

Бірінші. Эпидемиологиялық тәуекелдің "сары" және "жасыл" аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде:
- Ashyq мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану;
- әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар;
- міндетті термометрия.
Екінші. Эпидемиологиялық қауіп-қатердің барлық аймақтарында ашық ауада маскаларды міндетті түрде кию.
Үшінші. COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимдегі жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету саласының объектілері).
Төртінші. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу » деп хабарлаған болатын.

Яғни, жоғарыда айтылған шектеулер «жасыл» және «сары» аймақтағылар үшін алынып тасталды.  Қазіргі уақытта елдің барлық өңірі, соның ішінде біздің аудан да  "жасыл" аймақта тұр.

Осыған байланысты Теректі аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ләйла Ашықова:

- Біздің ауданда 1 қаңтардан бері коронавирус инфекциясымен 431  адам тіркелді. Үш ай  ішінде осынша адамның инфекция жұқтырып алуын жиілеп кеткен отырыс-қонақтықтармен байланыстырамыз. Той-томалаққа жиналған көптің ішінде вирус жұқтыру мүмкіндігі артады. Сондықтан жағдай тұрақтанды, шектеулер алынды деп немқұрайлылық танытпай, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды әлі де  орындау қажеттігін естеріңізге саламын. Жұқпаны тек қауіпсіздік шараларын орындау, екпе алу арқылы жеңуге болады,- дейді.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале