Хакерлер басқа қызметтерді қолдана отырып, сайтқа кіру немесе тіркеу терезелерін көрсететін жалған беттер арқылы жеке мәліметтерге қол жеткізеді.
Bleepingcomputer мәліметіне сүйенсек, бұл жолы Google Chrome браузерін қолданушылар қауіпке бас тікті. Қаскөйлер жылжып шығатын жалған терезелерді жасап үйреніп алған, оны нақтысынан ажырату да мүмкін емес. Олар оның дизайнын ғана емес, сонымен қатар URL мекенжайын да көшіріп ала алады. Фейк терезеге енгізілген қолданушы деректері ұрланады.
Қандай да бір тәуекелдердің орын алмасы үшін сарапшылар күдікті интернет-ресурстарға кірмеуге кеңес береді.
Дереккөз: zakon.kz