24.03.2022, 18:19
Оқылды: 42

Ардагерлермен өткен жиын

Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапханада аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Рухолла Саматовтың жүргізуімен өткен басқосуға аудан әкімі Дархан Закарин, ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

003

Салт-дәстүр, мәдениет жөнінде ой-пікірлерін, ұсыныстарын айту мақсатында мерекелік дастарқан жайылып, қонақтар өзара ойларымен бөлісті. Алдымен аудан басшысы Д.Әмірханұлы Көрісу айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін айтты. Одан әрі ардагерлер қазіргі таңда дұрыс атқарылмай жатқан салт-дәстүрге байланысты ауқымды мәселелерді көтеріп, жан-жақты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Бұған өз кезегінде аудандық мешіттің бас имамы Жомарт Лұқпанов айтылған пікірлерге жеке-жеке тоқталып, жауап қатты.

002

- Ұлыстың ұлы күні – амал мерекесі құтты болсын. Отырыста айтылып жатқан мәселелер бұрыннан қозғалып келеді. Молдаларды ауылдық округке шақыру керек. Жаназаны тек намаз оқитын кісі шығарады. Кез келген адам жаназаны шығаруға болмайды. Кейбір көрші ауылдарда ішімдік ішіп алып, жаназаны шығарады. Бұл – адамның өміріне немқұрайлы қарауды білдіреді. Туыстары өмірден өткен жақынын сыйламай сондай лас адамдарға жаназаны шығаруға рұқсат етеді. Бұл, әрине, дұрыс емес. Сондықтан біз, білетін жастарды әкеліп оқытып, жалақысын тағайындау керек деген ұсынымызды айттық. Ешқандай жағдай жасалмаса, алыстан келіп ешкім қызмет етпейді. Мысалы, бір үйде өлім болды делік. Адамды оң жаққа салғаннан кейін имамды шақырады. Барып, дастарқан жаюдың бағытын, осы сынды біраз мәселелерді айтып айтсаң, көп адамдар келіспейді. Ауылдың халқы үшін салынған мешіттің жанындағы асханаға жаназадан кейін адамдарға дастарқан жаюға болады. Осы бағытта екі-үш адам келді. «Бізде мүфтияттың бекіткен ас мәзірі бар, соған келіссеңіз жасаңыз» деп айтқанымызда үш адам «жоқ, мынау аз» деп келіспей кетіп қалған болатын. Осы асхананы неге жаназа болғанда пайдаланбасқа?! Жаназаға келген адам дастарқанға отыруға міндетті емес. Негізінен, дастарқан алыстан келген қонақтар үшін жайылады, - деп аудандық мешіттің бас имамы Жомарт Лұқпанов айтылған түрлі мәселелерге тоқталып, тұшымды жауап берді.

Жиын соңында аудандық мәдени-демалыс орталығының қызметкері Бекқали Сағыналиев ән-күйден шашу шашып, басқосу көтеріңкі көңіл күймен аяқталды.

Жаннұр Хайрушева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале