Америка Құрама Штаттары Ресейдің технология саласына қарсы жаңа санкциялар салды. Осылайша, елдің Қаржы министрлігі 13 жеке тұлға мен 21 ұйымға санкция салды, оның ішінде Ресейдегі ең ірі микроэлектроника өндірушісі "Микрон" акционерлік қоғамы бар.
Сонымен қатар, жапон билігі Солтүстік Кореядағы қару-жарақ жобаларына қатысқаны үшін төрт ресейлік ұйым, үш ресейлік жеке тұлға және солтүстік кореялық алты жеке тұлғаның активтеріне тыйым салды, деп хабарлады Reuters.
Жапония Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, тізімге ресейліктер Александр Гаевой, Александр Часовников және Роман Алар, сондай-ақ "Аполлон", "РК Бриз", "Зил - М" және "Парсек" компаниялары кіреді. Оларға Солтүстік Кореяның ядролық және баллистикалық жобаларына қатысты деген айып тағылып отыр. Енді олардың Жапониядағы барлық активіне тыйым салынады, деп хабарлады министрлік.
Бұған дейін Жапония ресейліктердің капиталын бұғаттап, Ресей азаматтарына виза беруге тыйым салған болатын. Оның үстіне, ел билігі Беларусь үкіметінің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қарсы санкция салуды қарастырып жатыр.