21.04.2022, 12:15
Оқылды: 72

Тұтынушы мен жиhаз салоны арасындағы дау медиациямен аяқталды

Орал қаласының №2 сотына талапкер Ш. жауапкер  ЖК «П» сомманы  өндіру, тұрақсыздық соммамен моральдық залалды өндіру туралы талап арызы түсті. Талап арыз мәні бойынша талапкер жауапкерден киім ілгіш жиhазға тапсырыс береді. Талапкер киім ілгіш жиhазды жасап Аксай  қаласына жеткізіп беру үшін 342 000 теңге көлемінде төлемін төлеген. Жауапкер жиhазды жеткізген кезде, талапкер оның тапсырысындағы түске келмейтінін көреді.

13

Фотосурет: reliablemedicare.co.uk

Талапкер  жауапкерден тапсырыс  құны  342 000 тенге, моральдық залал  300 000  тенге,  тұрақсыздық  соммасы  794 530 тенге  және  сотта  өкілдің  қызметінің 100 000 тенгені өндіруді сұрады.

Сот алдыңдағы отырыста тараптар медиациялық келісімге келді. Аталған  келісімге сәйкес ЖК «П» 20.04.2022 жылдан  қалдырмай талапкерге Ақсай  қаласына бастапқыда берілген тапсырыстағы түске сәйкес жиhазды жасап жеткізіп беруге және сот өкілі қызметінің ақысын біржолғы 50 000 тенге көлемінде төлем жасауға міндеттеледі, ал  талапкер өз кезегінде жиhаз бен  төлемді қабылдап, өз талаптарынан бас тартады.

 

Райгүл Иманғалиева

Орал қаласының №2 сотының бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале