24.04.2022, 15:50
Оқылды: 61

Францияда президенттік сайлаудың екінші туры басталды

Француздар екінші турға өткен екі үміткер - қазіргі президент Эммануэль Макрон мен Парламент депутаты Марин Ле Пенді таңдайды.
cfd82ae3ebf0413f8e40420e61425687
Сурет: pixabay

Жексенбіде Францияда президенттік сайлаудың екінші турында дауыс беру басталды. Елдің барлық аумағында Париж уақыты бойынша сағат 08:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 12:00-де) 70 мың сайлау учаскесі ашылды.

Сайлаушылар тізіміне 48,7 млн француз тіркелген. Францияның көптеген коммуналарында жергілікті уақыт бойынша 19:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-ге дейін) тұрғындар дауыс бере алады. Париж, Лилль, Бордо, Марсель, Тулуза сияқты ірі қалаларда дауыс беру бір сағат кеш аяқталады – жергілікті уақыт бойынша 20:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 00:00).

Француздар екінші турға өткен екі үміткерлерге дауыс береді.

Оның бірі - 2017 жылы сайланған Франция президенті Эммануэль Макрон өзі құрған "Республика шеруі" қозғалысының қолдауымен екінші мерзімге сайлауға ұсынылып отыр. Оның қарсыласы, Парламент депутаты Марин Ле Пенді "Ұлттық бірлестік" партиясы ұсынған.

Қарсыластар екінші турда екінші рет додаға түседі: 2017 жылы Макрон сайлау қорытындысы бойынша 66,1% дауыс алған еді, ол кезде Ле Пен 33,9% дауыспен екінші болған.

Сарапшылар сайлаушылардың белсенділік деңгейі соңғы онжылдықтардағы ең төмені болуы мүмкін деп қорқады. Өйткені бірінші турда 10 сәуірде Макрон 27,84%, Ле Пен 23,15% дауыс қана алды.

Дауыс берудің алғашқы алдын-ала нәтижелері бүкіл ел бойынша сайлау учаскелері жабылғаннан кейін ғана жария етіледі.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале