17.05.2022, 11:15
Оқылды: 40

«Парасат жолының» отырысы өтті

Бәйтерек аудандық орталықтандырылған кітапханада «Парасат жолы» жобасының кезекті отырысы өтті.

490F78E0-E8A7-4886-806F-EBAFBCD5B7E1

Жиынды ашқан аталмыш кітапхананың директоры Жеңісгүл Жаңабаева ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Адалдық алаңы» аясындағы жобаның мақсат-міндеттеріне тоқталды.

Өз кезегінде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев өскелең ұрпақты адалдыққа, парасаттылыққа, ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуді көздейтін мұндай жобаның тиімділігін атап өтті. Ата Заңға өзгеріс енгізуді көздеп отырған алдағы референдумның да осынау істе маңызы зор. Аудан әкімі аппаратының басшысы Нұржан Дүзбатыров жемқорлықты ауыздықтау өте қиын екенін және одан ешкім қорғалмағанын тілге тиек етті. Аталмыш жобаның аясында көп ізгі іс істеуге де мүмкіндік мол.

-Аудандық деңгейде түрлі байқаулар болады, комиссия отырыстары өтеді. Оның қорытындысымен кейбіреулері келіспей жатады. Сол себепті мұндай іс-шаралардың бірқатарын неге осындай алаңда өткізбеске, - деді Нұржан Тоғызбайұлы.

Отырыс барысында кітапхана библиографы Нұрлыбай Сәкенов «Парасат жолы» орталығының былтыр атқарған істерімен таныстырып шықты.

Сәкен Мұратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале