18.05.2022, 9:15
Оқылды: 45

Жерді пайдаланбаған шаруалар салықты 20 есе көп төлейді

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін тиімсіз қолданғаны немесе пайдаланбағаны үшін  қарастырылатын заң талаптары күшейтілді. Яғни ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық және Салық кодекстеріне сәйкес айыппұл, салық мөлшерлемесі айтарлықтай өсті.

IMG-20220518-WA0008

Бұл туралы Бәйтерек ауданында өткен жиында айтылды. Оған мемқұрылым басшылары, ауыл әкімдері, АӨК өкілдері қатысты.

IMG-20220518-WA0013

- Осынау басқосу облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Өтеғұловтың төрағалығымен биылғы 22 сәуірде өткен лездемелік кеңес қорытындысында берген хаттамалық тапсырмасының 3-тармағына сәйкес өтуде. Соған орай аудандардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбай отырған шаруа қожалық өкілдеріне түсінік жұмыстарын жүргізу үшін облыстан құзырлы құрылым басшылары келіп отыр, - деді жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқанов.

Басқосуда сөз алған БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Өміралиев жер мәселесі, әсіресе ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің игерілуі өзекті мәселе екеніне тоқталды. Сондықтан Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес пайдаланылмай жатқан жерлер мемменшікке қайтырылуы немесе мақсатына сәйкес пайдалануға жағдай жасау керек. Бұрын мораторийға байланысты бұл бағыттағы жұмыстар саябырсып қалса, биылдан бастап тексеру жұмыстары қайта жандануда. Жиында осы жайт кеңінен талқыланатынын жеткізді.

IMG-20220518-WA0009

БҚО жер ресурстарын басқару департаментінің бөлім басшысы Тахир Нұрахметов жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау биылғы 1 қаңтардан бастап жергілікті атқарушы құрылымнан ҚР АШМ Жер ресурстарын бақылау комитетіне өткенін айтты. Соған орай аталмыш комитеттің БҚО жер ресурстарын басқару департаменті құрылды. «Жер пайдаланушылар мен меншік иелері Жер кодексінің 65-бабы негізінде жерді нысаналы мақсаты бойынша қолдану, тиісті мемқұрылымдарға жердің жай-күйі мен оны пайдалану туралы мәліметті уақтылы табыс ету керек,- деді ол.

- Ал бұл заңнаманы бұзғандарға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 338-бабына сәйкес жеке тұлғаға 10 АЕК (30 680 теңге), шағын кәсіпкерге 40 АЕК (122 720 теңге), орта кәсіпкерлік санатындағыға 70 (214 760), ірі кәсіпкерлік субъектісіне 200 АЕК (613 600 теңге) айыппұл қарастырылған. Егер жер телімдерін пайдаланбаған жағдайда Салық кодексінің 509-бабының 5-тармағы бойынша ол учаскелердің базалық салық мөлшері 20 есеге ұлғайтылады. Мысалы 100 га жайылымдық жер телімі үшін орташа жылдық салық мөлшері 10 мың теңге болса, пайдаланбағаны анықталса, ол сома 200 мың теңгеге дейін өседі. Ал орташа жылдық салық мөлшері 40 мың теңге болатын 500 га егістік үшін 800 мың теңгеге дейін ұлғаяды».

IMG-20220518-WA0010

Бәйтерек аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Айсақаевтың сөзіне қарағанда, бұған дейін жүргізілген түсінік жұмыстары біраз пайдасын берді. Нақтылап айтқанда, 2019-2021 жылдар аралығында пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 92,6 мың га жер телімінің 11,7 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды, 46,1 мың га игеріле бастады.

- Биыл БҚО жер ресурстарын басқару департаментіне 23,9 мың гектар жерді пайдаланбай отырған 50 шаруа қожалығының тізімі жолданды. Сонымен қатар Qoldau.kz веб-порталы арқылы жайылымдардың шекті алаңына түсетін малдың жүктемесі 20 пайыздан төмен саналатын 30 мың гектар жер теліміне иелік етіп отырған 37 шаруа қожалықтың тізімі жолданды,-деді Асқар Айсақаев.

IMG-20220518-WA0014

Шаруалар, мемқұрылым қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берген құзырлы құрылым басшылары жиыннан соң шаруа қожалық өкілдерін жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Сәкен Әбілхалықов,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале