19.05.2022, 18:04
Оқылды: 72

Конституциялық реформалар түсіндірілді

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясының республикалық штабының мүшелері Снежанна Имашева, Мәлік Құлшар және Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аветик Амирханян құрылыс материалдарын өндіретін «Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» зауытында болып, конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша қызметкерлермен кездесіп, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. Кәсіпорын басшылығымен өндірістің даму перспективалары мен ұйымның проблемалық мәселелері талқыланды.

1947707B-9B74-4C8B-AD5B-72D456C77858

Белгілі болғандай, «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» облыстағы ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. 2003 жылы Оралда 1981 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан пластмасса бұйымдары зауытының базасында ашылды. Өндірістік кешен 12 цехтан және өнеркәсіптік кәсіпорындарға тән толық инфрақұрылымнан тұрады.

Аталған мекеме Қазақстандағы полиэтилен тұрбаларын өндіретін жалғыз кәсіпорын болып табылады. Бұл жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2013 жылдың желтоқсан айында іске қосылды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 37 500 тонна полиэтилен өнімдері. Өнімдер ішкі және сыртқы нарықтарға, соның ішінде Ресейге, Өзбекстан, Қырғызстанға жеткізіледі.

E6EF4DE0-8EEA-4E45-BEF1-000D9EEA463E

Бүгінгі таңда компания суық, ыстық сумен жабдықтау, газбен жабдықтау және жылыту үшін полиэтилен құбырларын, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша жол белгілерін, пластмассадан халық тұтынатын тауарлар шығарады. Жылына 30 000 тонна полиэтилен өңдейді. Өндірістік қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін төмендетуге көңіл бөледі.

Компания директоры Валерий Крыловтың айтуынша, кәсіпорын Қазақстанның көптеген өңірлеріне, сондай-ақ жақын орналасқан елдерге құбыр жеткізуді жүзеге асырады.

Сондай-ақ компания 2005 жылдан бастап болат өнімдерін, соның ішінде профильді парақ, металл плитка және жол белгілерін шығарумен айналысады. Қуаттылығы - жылына 3000 тонна болат.

83AAA0C7-C1B9-4471-A37E-7CFC2695256F

Қазіргі уақытта компания қуаттылығы жылына 7000 тонна «Пластмасса қалдықтарын қайта өңдеу желісін сатып алу, тауарларға арналған пластик қаптаманы өндіру» жобасын іске асыруда.  

Жоба аясында өнімнің келесі түрлері шығарылады: тамақ контейнерлері; шелектер, бассейндер, орауыш пленкалар, тамшылатып суаруға арналған құбырлар, кабельдік өнімдерге арналған қабық, құбырларға арналған полипропилен қорғаныш қабығы, орауыш материалдар, поддондар, тротуар плиткалары, люктер, қоқыс контейнерлеріне арналған шикізат және т. б. нысанды пайдалануға беру ағымдағы жылға жоспарланған.

Кәсіпорын жұмысымен танысқан депутаттар зауыт жұмысшыларымен кездесті. Халық қалаулылары зауыт қызметкерлеріне Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын түсіндіріп, алдағы референдумға толық қатысуға шақырды.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды.

Референдум - Жолдауда жарияланған реформаларды халықты таңдау жолымен құқықтық орнықтыру.  Егер олар қабылданса, ел өзінің саяси дамуының келесі деңгейіне көшеді. Өйткені реформа отандық құқықтық, партиялық жүйені, мемлекеттік билікті бөлу принципін өзгертеді.

Сонымен қатар егер бұл реформалар Президент ұсынған соңғы жылдардағы саяси бастамалардың қисынды жалғасы деп айтсақ, біз қателеспейміз. Мысалы, сол кезде Мемлекет басшысы азаматтарды шешім қабылдауға белсенді қатысуға шақырды. Енді аралас (пропорционалды-мажоритарлық) сайлау жүйесінде партияға мүше емес азаматтар да парламентке сайлана алады. Сонымен қатар сот шешіміне наразы азаматтар тікелей конституциялық сотқа жүгіне алады. Егер референдумда дауыс берушілер осы өзгерістерді қолдаса, онда біз Президент айтқан жаңа, әділетті Қазақстан құруға мүмкіндік аламыз. Бұл еліміздің дамуы үшін маңызды қадам, - деп кездесуді Имашева Снежанна ашты.

Келесі болып депутат Құлшар Мәлік сөз сөйлеп, қызметкерлерге арналған референдум туралы түсінік берді. «Еліміздің болашағы республиканың әрбір азаматына байланысты, ал даму үшін әркім өзінен бастауы қажет. Сондықтан, қымбатты жерлестер, еліміздің өміріне белсене араласып, азаматтық парызымызды орындауды сұраймыз. 5 маусымда бәріңізді күтеміз, келіңіздер!»- деді депутат қызметкерлерді шабыттандырды.

Соңында Аветик Амирханян азаматтарға: "Құрметті азаматтар, жерлестер! Референдумға қатысу әрбір азамат үшін өзінің азаматтық ұстанымын көрсетуге мүмкіндік береді. Біз өңірлерге не үшін барамыз? Сондықтан сіздерді, азаматтарды жеке-жеке көріп, түсіндіру үшін бәрін қарапайым тілмен айтып жеткіземіз. Өйткені тірі аудиторияның атмосферасымен ештеңе салыстыруға болмайды. Біз өз өлкемізді таңдадық. Барлық конституциялық реформаларды қайтадан шақыру және түсіндіруіміз қажет. Өйткені Конституция - Негізгі Заң, әрбір мемлекет үшін "басты құжат". Ал мемлекеттің басты құндылығы - сіздер, азаматтар! Сондықтан, тағы да барлығыңызды референдумға белсенді қатысуға шақырамыз", - деді ол.

Кәсіпорын қызметкерлері тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар болды. Мысалы, әйелдер үшін зейнетақы жасын төмендету, зейнетақы қорының шекті жеткіліктілігін төмендету, МӘМС мәселелері, мемлекеттік қызметтер мәселелері және т.б. Депутаттар барлық сұрақтарға сол жерде жедел жауап беріп, тиісінше консультативтік және заңнамалық сипаттағы түсіндірмелер берді.

Өз кезегінде кәсіпорын директоры, қалалық мәслихат депутаты Валерий Крылов депутаттарға кездесу және алдағы референдум туралы түсіндірулер үшін алғысын білдірді.

Депутаттар компания өнімдерімен танысып, оның сапасын атап өтіп, кәсіпорында жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін жоғары бағалады.

 «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале