31.05.2022, 17:30
Оқылды: 66

Халық зұлматты жылдар құрбандарын еске алды

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Кзталов ауданы жұртшылығы зұлматты жылдарда құрбан болған жандарды еске алып, аудан орталығындағы «Еске алу» алаңына гүл шоқтарын қойып, тағзым ету іс-шарасын өткізді. Аталған іс-шараға аудан әкімі Рүстем Зұлқашев, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күнсұлу Шаканаева және бөлім, мекеме басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.

IMG_1060

«Еске алу» алаңында зобалаң жылдардың ащы шындығы бейнеленген көрініс көрсетіліп, құрбандарға Құран бағышталып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Еңбек ардагері Уәлиолла Әбішев жастарға тарихымызды аманат қылып, зерттеу керектігін атап өтті.

IMG_1064

-Елімізде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шаралар өтіп жатыр. Бүгін, міне, құрбан болғандар рухына тағзым етіп отырмыз. Тарихымызға үңілер болсақ, халқымыз талай нәубетті бастан өткерді. Мұны бүгінгі ұрпақ білуі тиіс. Ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, соғыс бұның бәрі мәңгілік өшпес тақырыптар. Осы зұлматты жылдардағы құрбан болғандар жерленген орындар, қорымдар бар. Солар арнайы зерттеуді қажет етеді. Қала берді, «Бесеудің хатын» жазғандардың бірі, жерлесіміз Мансұр Ғатауллинді ұлықтап, ескерткіш орнатуымыз керек. Егер тарихымызды түгендер болсақ, болашағымыз да тарихымызды ұмытпай, ізімізден басып, келешекке аманаттары хақ, - деді ол.

IMG_1050

Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу іс-шарасы аудандық орталықтандырылған кітапханада жалғасын тапты. Рухани нысанның мәжіліс залында өткен жиынға мектеп мұғалімдері мен оқушылар және жастар жатысты. Олар ашаршылық жылдары және саяси қуғын-сүргін жылдары туралы мәліметтер алып, ауданымыздағы аталған тақырыпқа әзірленген Аққурай ауылының тұрғыны Амангелді Балғазиевтің сұхбатын тамашалады.

IMG_1076

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале