7.06.2022, 17:00
Оқылды: 40

Қазақстан 8 маусымнан бастап ПТР-тест пен вакцинация паспорты талабын алып тастайды

8 маусымнан бастап Қазақстанға кіргенде вакциналау құжаты немесе ПТР-тестің теріс нәтижесі талап етілмейді. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешімге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

9

Ресми мәліметке сәйкес, елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталды. Осыған байланысты бұрынғы шектеулерді алып тастауға шешім қабылданды.

Бұған дейін Қазақстан азаматтары мен шетелдіктер сырттан кіргенде ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын (COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы) құжатпен растау немесе ПТР-тест нәтижесін көрсету талабы болған. 8 маусымнан бастап ешқандай құжат көрсетудің қажеті жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале